Ресейлік RBK басылымы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев үшін Елбасы статусынан айырылу нені білдіреді деген сауалға жауап іздеп, бірқатар сарапшыны сөзге тартқан.
Е.М. Примаков атындағы әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар бойынша Ресей ұлттық зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Станислав Притчин "қазіргі президент биліктен бұрынғы элитаны аластатуға тырысып жатыр, Елбасы туралы заңның күшін жою Тоқаев пен Назарбаев тобы арасындағы астыртын текетіресті көрсетеді" деген пікірде.
Сарапшы Назарбаевтың үлкен саясатқа оралу мүмкіндігі жоғын, оның ендігі міндеті кланының мүддесін қамтамасыз ету екенін айтады.
Пікір қалдыру