Президент жарлығымен Асхат аймағамбетов қызметінен босатылып, оның орнына Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды" делінген Жарлықта.
Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1989-1990 жылдары – қазақ тілі мұғалімі.
1990-1995 жылдары – орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1995-1997 жылдары – орта мектеп директоры.
1997-2000 жылдары – ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, референті.
2000-2001 жылдары – Қапшағай қаласы Білім бөлімінің басшысы.
2001-2006 жылдары – Халықаралық қосымша білім беру орталығының директоры.
2006-2007 жылдары – Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледж директоры.
2007-2020 жылдары – Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
2020-2022 жылдары – ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.
2022 жылғы наурыздан бастап – ҚР білім және ғылым вице-министрі.
2022 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР оқу-ағарту вице-министрі.
Пікір қалдыру