"Жүз пәтерлік үй салуға бөлінген қаржыны ұрлаған". Басқарма басшысының орынбасары сотталды

/image/2023/01/13/crop-13_12_381x678_1_upload_iblock_b95_b955bec9a48c0b8db69d33ffd393cefd.jpg

Ақмола облысында құрылыс саласындағы ірі жемқорлық фактісіне байланысты сот үкімі шықты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан шектеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сол үкіммен «Сарапшы Арсенал» ЖШС құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен «Көкшестрой Технадзор» ЖШС техникалық қадағалау инженері О. Ренн кінәлі деп танылып, 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылған.

"Тергеу барысында сотталғандар Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ" делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар