Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылдың наурызынан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.
"2023 жылғы 17 қаңтарда Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - делінген хабарламада.
Пікір қалдыру