Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда аралас жүйе бойынша өткелі отырған мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау тәртібін жариялады.
♦ Үміткерлерді ұсыну бүгіннен басталып, 8 ақпанда аяқталады.
♦ Кандидаттарды тіркеу 18 ақпан күні Астана уақытымен 18.00-де бітеді.
♦ Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.
♦ 18 наурыз – тыныштық күні.
♦ 19 наурыз – сайлау күні.
Мәжіліс биылғы сайлаудан бастап аралас жүйемен жасақталады. 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бірмандаттық сайлау округы бойынша сайланады.
Ал мәслихат депутаттары облыс, ел астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларда жартылай партиялық, жартялай можаритарлық жұйемен сайланады.
Бірмандаттық сайлау округы қалай құрылатынын әзірге айтылмады.
Пікір қалдыру