Белгілі журналист Серікқали Жүнісбекұлы Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Серікқали Жүнісбекұлы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған.
Студент кезінде республикалық «Өркен» газетінде тілші болып істеген. Мұнан соң журналистік жолы «Егемен Қазақстан» газетінде, Қазақ радиосында жалғасқан.
Шығармашылығымен қатар ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетімен көз түсіп, мемлекеттік қызметке ауысты. Сыртқы істер, Мемлекеттік кіріс министрліктерінде, Президенттің баспасөз қызметінде, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, «Нұр-Медиа» холдингінде, ҚР Кәсіподақтары Федерациясында жауапты қызметтер атқарды.
Енді мәжіліс, мәслихат сайлауларында саяси партия жұмысын жандандыра түсуге атсалыспақ.
Пікір қалдыру