Арыстанбек Мұхамедиұлының экс-орынбасары ұсталды

/image/2023/01/24/crop-14_2_290x516_1.png

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, "Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан "ҚР Ұлттық мұражайы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда" делінген антикор хабарламасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар