Қоғам белсенділері Мұхтар Тайжан мен Санжар Боқаев бір мандаттық огруг бойынша мәжіліс сайлауына қатысу үшін құжаттарын өткізгенін хабарлады.
Қос үміткер де сайлауға Алматыдан түспек.
"Иә, көп азаматтар мені өз өңірлерінің үміткері ретінде көргісі келді, осында көп жазып шақырған. Баршаңызға сенімдеріңіз үшін алғысымды білдірем. Дегенмен өз басым Алматыда туып өстім ғой, әкем де осында мектебін бітірген болатын. Сол үшін мен Алматы қаласының өзінен сайлауға түсуді жөн көрдім", - дейді Мұхтар Тайжан.
Ал саясаттанушы Санжар Боқаев биылғы сайлаудың қызықты өтетініне сенімді екенін айтты.
"Құжаттарды өткіздім. Алматылықтар мені қолдайтынына үміттімін. Қызықты, мазнұнды әрі креативті сайлау науқаны өтетініне уәде беремін. Еліміздің келешегіне сенемін. Бізге үкіметті бақылай алатын мықты парламент керек" - деп жазды Санжар Боқаев.
Мәжіліс пен мәслихаттың кезекті сайлауы алдағы 19 наурызға белгіленіп отыр. Биылғы сайлаудың ерекшелігі мәжілістің 70 пайызы партиялық тізім, 30 пайызы мажоритарлық тәртіп бойынша жасақталмақ. Бір мандаттық огругтен түсетін үміткерлеріді саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады, тіпті өзін өзі ұсынуға да мүмкіндік бар.
Пікір қалдыру