Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлады Vesti.kz порталы.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілерінің ондығына еніп отыр.
Оған бұндай нәтижеге жетуіне Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі себеп болған. Ол 25-тен 10-орынға көтеріліп, спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.
Өзге қазақстандық теннисші Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарыласа, жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.
Пікір қалдыру