Журналист, ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің (ХАА) негізін қалаушы Әсет Матаев 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы ол facebook парақшасында жариялады.
– Қайғылы қаңтар оқиғасының кейін жарты жыл өткен соң менің өмірім күтпеген жерден басқа арнаға бұрылды. Бұған дейін бірнеше дүркін табанды түрде талап етсек те, тауымызды шағып, шарасыз күйге түсірген Жоғарғы Сот әкем Сейітқазы Матаев екеуімізді ақтап шығарды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Жоғарғы Сот мемлекет атынан бізді заңсыз соттағаны үшін кешірім сұрады. Саяси астары бар осы қылмыстық іс Бас прокуратура қызметкерлерінің мұқият қарауынан кейін жойылып, қазір ол Жоғарғы Сот бюллетенінде негізсіз сотты болып, үкім шығарудың мысалы ретінде жарияланып жүр. Мен осы сәттен бастап Әділетті Қазақстанның рухын шынайы сезіндім. Мен үшін Әділетті Қазақстан – адам құқығы мен заң үстемдігі бәрінен биік тұратын әділетті мемлекет, әділетті қоғам. Яғни, барлық адамның құқығы заңмен қорғалып, қылмыс аяусыз жазалануы тиіс, – дейді Матаев.
Ол атап өткендей, соңғы айларда оның атына мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты халықтан көп шағым түсетін болған. Ол өтініш-шағымдардың барлығы да жан-жақты тексеруді қажет етеді.
Журналист кез келген мәселенің соңғы шешімін президенттің мойнына іліп қою дұрыс емес деп санайды.
Пікір қалдыру