Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдайтын портал ашылмай жатып істен шықты

/image/2023/02/06/crop-75_9_623x1107_111.jpg

Жылына 4 пайызбен автонесиелеу бағдарламасына өтінім қабылдайтын портал іске қосылмай жатып, істен шықты.

Портал арқылы бүгін сағат 10:00-ден бастап өтінім қабылдау басталуы керек болған. Алайда қолданушылар процедураларда қате шығып жатқанын, кейде тіпті кей операциялар мүлде жоғалып кеткенін айтады.

Бастапқыда қатенің дені порталға тіркеліп, процедураны аяқтау сәтінде туындаған. Әрекетті қайталау кезінде автодиллерді тіркеу опциясы жоғалып кеткен.

Ал кей қолданушылар 10:00-де кіргеннің өзінде өтінім қабылдауға лимит таусылып қалағаны жазылған терезе шығып, команданы жалғастыру мүмкін болмаған.

Порталға тек 761 адам өтінім қалдыра алады. Өйткені бұл жолғы бағдарлама бюджеті осыған дейін көлік алған азаматтардың ай сайынғы төлемінен жиналған сомаға тең. Бүгінде кредит төлемдері бойынша 7,6 млрд теңге жиналған, ол 761 адамды қамтиды деп болжанып отыр.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар