Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас аймағында жойқын жер сілкінісі болды. Түркиялық сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.
"Түркияның Шанлыурфа қаласында зілзала салдарынан 12 адам, ал Османие провинциясында бес адам көз жұмды", деп хабарлайды жергілікті билік.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Twitter парақшасында жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға дереу іздеу-құтқару топтары жіберілгенін жазды.
Пікір қалдыру