“Қандастардың” қайсысы депутат болуға лайық? (Сауалнама)

/image/2023/02/09/crop-43_-1_792x1407_mycollages-4.jpg

Бүгін парламент мәжілісі депутаттары сайлауына кандидат тіркеу процедурасы аяқталды.  Бір мандатты округ бойынша 609 кандидат, 7 партияның атынан 283 кандидат тіркелген. Кандидаттардың қатарында қос қандас – ақын Алмас Ахметбекұлы мен кәсіпкер Сырымбек Тау да бар. 

Алмас Ахметбекұлы 1961 жылы Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. Алғашқы "Көші-қон заңын" жазуға қатысқан "Дауыс", "Ширығу" деп аталатын өлең жинақтары жарық көрген. Ақын көпшілікке "Көк тудың желбірегені" өлеңінің авторы ретінде белгілі.

Сырымбек Тау 1980 жылы Моңғолиядағы Баян Өлгей аймағында туған. Кәсіпкер, "YOKOHAMA", "TRIANGLE" компанияларының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы. Әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық мәселелерге араласып, қайырымдылықпен жиі айналысады.

Депутат атануға ниетті қос "қандастың" қайсысы халық қалаулысы болуға лайық деп ойлайсыз? 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар