Ұлттық банк теңге бағамына қолдау көрсету үшін тағы 20 миллион доллар бөлді

/uploads/thumbnail/20170708200108808_small.jpg

Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамына кезекті рет қолдау көрсетті. Бұл туралы Қамшы порталы  Tengrinews.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 6 қазанда Ұлттық банк 20 миллион долларға интервенция жүргізді. Осылайша банк жүргізген интервенциялардың жалпы көлемі 1,3 миллиард доллардан асты. Бұған дейін 30 қыркүйекте 225 миллион долларға, 29 қыркүйекте - 137,5, 21 қыркүйекте - 213,1, 18 қыркүйекте - 67,2, 17 қыркүйекте - 270 және 16 қыркүйекте 144 миллион долларға интервенция жүргізілді.


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар