Шымкентте "AYBA-Жанұя" қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

/image/2023/02/13/crop-43_6_1045x1857_finpiramida.jpg
Шымкент қаласында "AYBA-Жанұя" қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
 
Жекеменшік фирма ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмектесуге жарнама жасаған. Талап бойынша инвестор 5 000 теңге салып, одан кейін бес немесе одан да көп адамды тартуы керек.
 
"Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген", - делінген ресми хабарламада.
 
Қазақстанда қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар