Елдегі әрбір екінші көліктің шыққанына 20 жылдан асқан

/image/2023/02/14/crop-15_36_327x581_f3b39def2210e24caf34ebc7d53e5f6b-e1534881997203-600x400.jpg

Қазақстанда 2022 жылы жеңіл автокөліктер саны 2,9% өсіп, 2023 жылдың басында 3,91 млн дананы құрады. Олардың ішінде 10 жылдан асқан көліктер саны 2,76 млн-ға жетті, бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен бірден 14,7% көп. 10 жылдан асқан автокөліктердің үлесі бір жылда 63,4%-дан 70,6%-ға дейін өсті.

Оның үстіне елде 10 жеңіл көліктің 5-нің шыққанына 20 жылдан асқан. Бұл шамамен 2 млн көлік. 10-20 жыл аралығындағы көліктер саны 816 мың. 

10 жылдан асқан барлық жеңіл автокөліктердің үштен бір бөлігі тек үш облысқа тиесілі: Алматы облысы (406,6 мың дана), Алматы (310,6 мың) және Шығыс Қазақстан облысы (211,8 мың). Бұл ретте өңірлік автопарктегі 10 жылдан асқан автокөліктердің ең көп үлесі Жамбыл (86,7%), Жетісу (85,9%) және Алматы (84,1%) облыстарында.

20 жастан асқан өліктердің жартысына жуығы бес облыста: Алматы облысында (317,8 мың дана), Алматыда (177,2 мың), Қарағанды (157, 3 мың) , Шығыс Қазақстан (154,9 мың) және Жамбыл (145 мың) облыстарында.

Дереккөз: energyprom.kz

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар