Өткен жылдың өзінде 29 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 8,3 млрд теңгенің шығыны өтелді, деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігі.
Азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемелері мен аккаунттары бұғатталған.
"Қазірдің өзінде алаяқтыққа тартылған азаматтарға 19 000 ескерту жіберілді. Нәтижесінде 15 000 азамат қауіпті аккаунтардан шығып, түбегейлі бас тартты. Дегенмен, азаматтар өздеріне керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға салуды жалғастырып жатыр" делінген ақпаратта.
Пікір қалдыру