Сүт бағасы 2011 жылдан бергі рекордтық деңгейге жетті

/image/2023/02/23/crop-22_12_784x1394_ha7d3jai-1440x810.jpg
 

2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда сүт 32,9%-ға қымбаттаған. Бұл – Ұлттық статистика бюросы мәлімет жариялай бастаған 2011 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш, деп жазады Energyprom.kz сайты.

Майлылығы 3,2%-4% пастерленген сүт бір жылда 31,2%-ға қымбаттаса, кілегей 30%, майлылығы 2,5% пастерленген сүт бағасы 28,8% өскен.

Өңірлер бойынша 2023 жылғы қаңтарда майлылығы 2,5% пастерленген сүт бағасының жыл сайынғы өсуі 14,1%-дан 42,1%-ға дейін ауытқиды.

Майлылығы 3,2%-4% пастерленген сүт Алматыда (43,5%), Солтүстік Қазақстан (43,3%) және Жетісу (36,2%) облыстарында айтарлықтай қымбаттаған. Баға ең аз өскен өңір – Ақтөбе облысы: 5,9%.

2022 жылдың 12 айында секторда өндірілген өнім көлемі 573,3 мың тоннаны құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,2% аз.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар