Алматы мен Шымкентте 2-3 балдық жер сілкінісі болды

/image/2023/02/23/crop-155_70_352x626_dger.jpg

Тәжікстанда 23 ақпан күні таңғы сағат 6.37-де магнитудасы 7 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпу қуаты Алматы мен Шымкентте де сезілген, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе – әдістемелік экспидициясы" мемлекеттік мекемесі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде орналасқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Алматы мен Шымкентте байқалған дүмпу қуаты 2-3 балды құраған.

Алматыда қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Гидротехникалық құрылыстарда деформациялар анықталмаған. Тұрғындардан да қоңырау түспеген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар