Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматының жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданын атады, деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.
"Алматы – республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі. Әсіресе қаланың таулы аймақтары оның ішінде Түрксіб ауданы ең қауіпті жерде орналасқан, одан кейінгі орында Медеу, Бостандық аудандары тұр", – деді Күлшімбаев.
Оның айтуынша, Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің 30 пайызы құлайды.
"Қаланың 60-70 пайызы қирап қалады дегенмен келіспеймін. Бірақ болжам бойынша 9 балдық және одан да көп жойқын жер сілкінісі бола қалса, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін" – деп түйіндеді вице-министр.
Пікір қалдыру