Алматы қаласы бойынша 3 кандидатты мәжіліс сайлауына тіркеу туралы шешім күшін жойды. Бұл туралы аумақтық сайлау комитетінің төрағасы Айгүл Қалықова хабарлады.
Оның айтуынша, қала бойынша сайлауға мажоритарлық тәртіппен 104 кандидат тіркелген. Алайда 3 кандидат сайлауға қатыса алмайды.
"Салық декларациясын тексергеннен кейін бір кандидат сайлаудан шеттетілді. Кандидат ретінде тіркеу туралы шешім күшін жойды. Ал екі кандидат өз еркімен сайлауға қатысудан бас тартты. Енді қала бойынша 104 емес, 101 кандидат тіркелген", деді Айгүл Қалықова.
Ол сайлаудан шеттетілген кандидат белгілі әртіс Тұңғышбай Жаманқұлов екенін айтты. Айгүл Қалықованың сөзінше, әртістің Мемлекеттік кірістер департаментіне ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларациясында күмәнді мәліметтер анықталған.
Тұңғышбай Жаманқұлов №3 бір мандатты округ бойынша құдат тапсырған.
Пікір қалдыру