"Сейсмологиялық тәжірибе – әдістемелік экспидициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 5:58-де жер сілкінісі болғанын хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,1, магнитудасы – 5,6 болса, тереңдігі – 10 шақырым" делінген хабарламада.
Сондай-ақ 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша 03:42-де тағы да магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Бұл Алматыда 2 балдық жер сілкінісіндей сезілген.
Пікір қалдыру