Қаңтар айында елде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 32 пайызға көп, деп хабарлады Ranking.kz порталы.
2022 жылдың осы кезеңінде саладағы құқық бұзушылықтар саны жылына 32,8% азайып, 172 болған.
Өңірлер бойынша мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында жасалған. Бір жыл бұрын 18 іс болса, қазір 25 іс тіркелген
Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы (23 іс, 2022 жылы 8) және Түркістан облысы (19 іс, бір жыл бұрын 20) тұр. Атырау мен Жамбыл облыстарында әрқайсында 17 істен.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау (3) және Абай облыстарында (4) тіркелген.
Баптар бойынша статистика төмендегідей:
♦ «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрын 25 іс болса, қазір – 45 іс;
♦ «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» – 24 іс, бір жыл бұрын 22 іс;
♦ «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша әрқайсысы – 20 іс.
Қазақстан БҰҰ жанындағы Бала құқықтары туралы конвенцияның коммуникация тәртібіне қатысты 3-факультативтік хаттамасына қол қойған. Бұл қазақстандықтарға балалар құқығының бұзылғаны туралы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіруге мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру