Алматыда жаңа театрдың тұсауы кесіледі

/image/2023/02/28/crop-432_252_658x1170_db9c8ae6-6f2c-4e6f-825e-6712994542ee.jpeg

Алматыда 5 наурыз күні сағат 19:00-де  «Ағын» атты әлем драматургиясы театрының ресми ашылуы өтеді.

Театр әртістері он сегіз жастан жиырма сегіз жасқа дейінгі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері.

Театр репертуарына әлемнің айтулы жазушылары мен драматургтерінің еңбектері енген. Қойылымдар қазақ тілінде өтеді. Көрермен қалауы бойынша орыс тілінде субтитрлер беріледі.

Алғашқы пьесалардың авторлары –қазақ жазушылары Мұхтар Әуезов, Роллан Сейсенбаев, француз жазушысы – Проспер Мериме, жапон жазушысы – Акутагава Рюноске, орыс жазушылары – Евгений Попов, Юрий Казаков, Америка драматургы – Уильям Сароян, Генри Миллер, неміс драматургы – Герман Гессе, Колумбия жазушысы – Габриэль Гарсиа Маркес.

Премьера – «Намыс» спектаклі. Қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаевтың «Намыс» атты повесінің желісімен қойылған.

XVIII ғасырда қазақ пен жоңғарлардың арасында өліспей беріспейтін ұзақ соғыс басталады.

Ана-Жер де талады, көзсіз батырлар да көмусіз қалады. Тек қазақ пен жоңғар жауынгерлері ғана майдан даласын қанға бояудан бір талмайды.

Бұл аяусыз соғыста, бір халық тас-талқан болып жеңілуі керек. Жоңғарлар тарих алаңынан жоғалып тынады.

Сахна төрінде, қолға түскен жоңғардың жап-жас биші қызы мен айтулы сырнайшысы және адал, әділ қазақ батыры Күшікбай туралы терең сырға толы аяусыз шындық айтылады.

Қойылым Алматы қаласы Ришат және Муслим Абдуллиндер көшесі 38 мекенжайында өтеді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар