БҰҰ Ресей басқыншылығынан Украинада 8 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады.
Ресми дерек бойынша, соғыс басталғаннан бері 21 580 адам әртүрлі жағдайда хабар-ошарсыз кетсе, оның 8101-і қаза тапқан. Қаза тапқандардың арасында 2127 әйел мен 488 бала бар.
Көпшілігі әуе соққылары кезінде үлкен аумаққа жайылатын жарылғыш заттардан, ауыр артиллериямен атқылаудан, дүркіндетіп ататын, жаппай қырып-жоятын реактив жүйе зымырандары түскеннен мерт болған.
БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары басқармасы соғыс кезінде қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп екенін айтады. Өйткені соғыс жүріп жатқан Мариуполь, Северодонецк, Лисичанск, Соледар және Бахмут аймақтарынан толық ақпарат алу мүмкін емес.
Дереккөз: BBC
Пікір қалдыру