БҚО-дағы тікұшақ апатына ауа-райының қолайсыздығы себеп болған

/image/2023/03/01/crop-37_11_418x743_photo_423270.jpeg

Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатына не себеп болғанын айтты. 

"Тікұшақ бір жыл бұрын ғана жасалған. Сондықтан оның техникалық жағдайы жақсы болғаны даусыз. Апат ауа-райына байланысты орын алған. Әзірге нақтысын айта алмаймыз. Комиссия жұмысы аяқталған соң нәтижесі жарияланады", - деді Пішембаев.

Еске сала кетейік, 23 ақпанда Оралдан 54 шақырым жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 "Қазавиаспа" тікұшағы апат болған еді. Апат кезінде бортта 5 экипаж мүшесі мен 1 жолаушы болған.

Апат салдарынан "Қазавиапас" компаниясының төрт қызметкері қаза тауып, екі адам зардап шекті.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар