Қытайлық компания Қазақстандағы жобаларға инвестиция жасайды

/image/2023/03/02/crop-12_8_528x938_eff04a62bad080333c43dc1a186.webp

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қытайдың "China Nonferrous Metals Mining" металлургиялық компаниясы директорының орынбасары Лю Ю мырзамен кездесті. Кездесуде Қазақстандағы мыс қорыту зауытына инвестиция тарту мәселесі талқыланды. 

Марат Қарабай бұл компанияның Ақтоғай және Бозшакөл сияқты ірі жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол екенін атап өтті.

Енді "Қазақмыс" корпорациясы мен KAZ Minerals зауытына инвестиция жасалады.

"Қазақстанды таңдағаныңыз үшін рахмет. Жобаны жүзеге асыру барысында қолдау көрсетуге дайынбыз", – деді министр. 

Қытайлық компания директорының орынбасары Лю Ю мырза өз кезегінде бұл жоба Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайта түсетінін айтты. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар