Аятжан Ахметжан: Жап-жаңа, әділетті Қазақстан сайлаудан шеттетті

/image/2023/03/03/crop-75_52_540x960_t2ady61poi9cmapbldufoq4phbzd3lrtz7y1qs94.jpg

Қоғам белсендісі, химик, Астана қаласындағы№90 гимназия мектебінің директоры Аятжан Ахметжан сайлаудан шеттетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасына жазды. 

Оған Астана қаласы мәслихаты бойынша 9 округ хатшысы хабарласып сайлаудан шеттетілгенін айтқан. Қоғам белсендісінің кандидаттығының алынуына "салық декларациясында несие алғаныңызды жасыруы" себеп болған. 

"Жап-жаңа, әділетті Қазақстан сайлаудан шеттетті. Кредит деген мүлік пе? Оны қалай көрсетуді де білмейді екенмін. Декларацияны тексеру уақыты аяқталып кеткен жоқ па? Осы уақытқа дейін ұйықтап жатты ма?", – деп жазды Аятжан Ахметжан.

Еске сала кетейік, осыған дейін Аятжан Ахметжан Астана қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер болған еді.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар