Астанадағы "Байтақ" партиясының кеңсесінде өрт шықты. Мексика шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған мигранттар ұсталды. Бұл туралы толығырақ Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан жаңалықтары
"Байтақ" партиясының кеңсесінде өрт шықты
Партия басшылығы штабтағы өртті сайлаудағы бәсекелестері ұйымдастырған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Ал төтенше жағдайлар департаменті "өрт жылытқыштағы ақаудан пайда болған" дейді.
Астаналық көп балалы аналар 8 наурызға орай әлеуметтік көмек алады
Астана әкімдігі мәслихат шешімімен 30 мыңға жуық аз қамтылған отбасылар мен көп балалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек берілетін хабарлады.
Әлем жаңалықтары
Аптап ыстық салдарынан Аустралия ормандарында өрт болды
Аустралияның шығысындағы ондаған орманды өрт шарпыған. Өрт сөндірушілер биіктігі 10-15 м жалынмен күресіп жатқандарын хабарлады. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзір жарияланбады.
Германияның бір топ депутаты Украинаның әскери жаттығуына тыйым салуды талап етті
Парламентшілер Германия үкіметін Украина әскерилерін Германияда оқытуға тыйым салуға және орыс-украин қақтығысын бейбіт жолмен шешуге үлес қосуға шақырады.
Мексикада 340 тан астам мигрант ұсталды
Олар Мексика арқылы АҚШ шекарасына өтпек болған. Шекара күзетінің мәлімдеуінше, соңғы жылдары Мексика-АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өтпек болатын миграттар саны артқан.
Пікір қалдыру