Аюдың ақыры.Британдық әскер Балтикаға неге келді?

/uploads/thumbnail/20170708200153449_small.png

Еліміздің ең жақын серіктесі Ресей әлемге үрей тудырып тұр. АҚШ пен Батыс елдері мұны анық айтып отыр. «Орыс агрессиясынан» қорғану үшін деген «ұранмен» АҚШ пен Германия әскери күштері Балтика елдеріне енгізілген болатын.

            Ендігі кезек бұл қатарға Корольдік армияда қосылды. Аталған мақсатта  Британдық әскер тарапынан 100- ге жуық құрлық әскері жөнелтілгені туралы ақпарат бар. Бұл әскер Балтика елдерінде ұзақ мерзімге әкелінген деп хабарлайды РИА жаңалықтары. Уақыт өткен сайын әскер құрамы ротацияға ұшырап отырады.

            Британдықтар БҰҰ құрамының тапсырмасымен Украина әскери күштеріне де қолдау көрсетуді қолға алған. Бүгінгі күнде Корольдік армияның 75 әскери қызметкері бүгінде 1600 Украиналық әскерилермен дайындық жұмыстарын жасап жатыр.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар