Непалдағы мерекелік фестиваль жанармай тапшылығын тудырды

/uploads/thumbnail/20170708200152793_small.jpg

Непал қазіргі қиын жағдайын жеңілдету мақсатында жанармайды әуемен немесе кез келген өзге жолмен тасымалдайтынын мәлімдеді, себебі алдағы күндері гималай елінде үлкен мейрам атап өтілмек. Бұл туралы «Қамшы» порталы abcnews.go.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Мерекеге арналған фестиваль екі апта бойында жалғасатын көрінеді. Бұл, өз кезегінде, жанармай аса мол қажеттілігін тудырады.

Айта кетейік, өткен аптада Непал жанармай жетіспеушілігіне байланысты автокөлік қолданысына тыйым салған болатын. Бұл ережеге Үндістанның оңтүстік бөлігінде блокада құрылып, салдарынан Непал протестанттардың мұнай танкерлері мен жүк көліктері ағымын тоқтатуға мәжбүр болған.

Непал үкіметі автокөлікті тек жұп немесе тақ күндері қолдануға рұқсат берген екен. Бұл да болса, автокөліктің тіркелу нөмірінің соңғы санына байланысты болса керек.

 «Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар