Кейінгі жылдары әлемде белсенділігі артып келе жатқан экстремистік топтарға қарсы күрес одан сайын күшейіп келеді. Бейресми ақпараттарға сүйенетін болсақ, экстремистер өз бағыттарын агитациялауда әлеуметтік желілерді жиі қолданады екен. Бұл туралы БҰҰ контерроризм комитетінің төрағасы Жан-Поль Лаборде мәлімдеп отыр.
Әлеуметтік желілердегі ақпараттық соғыс барысында Гуглдың меншігі болып табылатын ю-туб желісі кейінгі екі жыл ішінде 14 миллион видеоны жойған. Олар экстремистерді жақсы етіп көрсету, экстремизмді қолдау, экстремистердің «кәпірледі» жазалауына қатысты бейнероликтерді өшіріп отырған.
Бұл бер жағы, сонымен қатар, әлеуметтік желілердің патшасы саналытын фейсбук аптасына бір миллион қателікті түзетіп отыратынын жеткізіп отыр.
БҰҰ әлемнің 100 мемлекетінде 30 мыңға жуық ИГИЛ-ды қолдаушылар бар екенін анықтап отыр. Лаборде мырза: «Бұл белгілі мемлекеттің емес, күллі әлемге қатысты проблема»,- деді өз сөзінде.
Сонымсен қатар, Ислам мемлекетін қолдаушылар твиттер желісінде де 50 мыңға жуық жазба жасап үлгерген.
«Қамшы » сілтейді
Пікір қалдыру