Жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияның оңтүстік-шығысында су тасқыны болды

/image/2023/03/16/crop-23_12_403x717_aa-30575422.jpg

Түркияның оңтүстік-шығысында су тасқыны мен көшкін болды. Тау өзендері арнасынан шығып, жақын маңдағы елді-мекендерді су басқан. 14 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Anadolu.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың мәлімдеуінше, Шанлыурфа қаласында су тасқыны салдарынан 12 адам, Адияманда екі адам қаза тауып, бес адам із-түссіз жоғалған.

Еске сала кетейік, осыған дейін бұл аймақ 6 ақпанда болған жер сілкінісінен зардап шеккен болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар