Сайлауға қатысқан тәуелсіз кандидаттар президент пен Орталық сайлау комиссиясынан сайлау нәтижелерін жоюды талап етті. Саясаттанушы Санжар Боқаев өзінің Instagram парақшасына видеоүндеу жариялады.
Аталған видеодан Мұхтар Тайжан, Салтанат Тәжімова мен басқа да белсенділерді байқауға болады.
"Сайлау кезінде хаттамаларды қолдан жасалды. Заңсыз әрі лас әдіс-тәсілдер қолданылды. Тәуелсіз бақылаушыларды қуып шығады. Мұндай сорақылық ескі Қазақстанда да болмады. Тәуелсіз кандидаттардың атынан ел президенті мен ОСК төрағасына жүгініп, мұндай тәсіл жаңа Қазақстан тұжырымдамасының беделін түсіретінін айтқымыз келеді! Біз бұл сайлауды мойындамаймыз. Сондай-ақ сайлау нәтижесін де заңсыз деп есептейміз", деді Санжар Боқаев.
Еске салайық, кеше елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру