Франция Украинадағы "Голодоморды" геноцид деп таныды

/image/2023/03/29/crop-13_7_509x904_29_main.jpg

Сейсенбі күні Франция Ұлттық ассамблеясында 1932–1933 жылдары Украинада болған "Голодоморды" геноцид деп тану туралы қарарға дауыс беру өтті. Депутаттар көпшілік дауыспен "Голодоморды" геноцид деп таныған. 

Дауыс беруге 170 депутат қатысты. 168 депутат қаулы қабылдауды қолдап, қалған екеуі қарсы дауыс берді, деп хабарлады "РИА Новости" ақпараттық порталы. 

"Ұлттық жиналыс көпшілік дауыспен қаулы қабылдады" – деді ұлттық ассамблея төрағасы.

Украинада Киев билігі "Голодомор" деп атаған ашаршылықты "украин халқының геноциді" деп мойындайтын заң бар. Алайда ашаршылық сол кезде Украинаны ғана емес, КСРО–ның көптеген аймақтарын, соның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Ашаршылық кесірінен қазақтар саны 38–42% ға азайып, біраз бөлігі аман қалу үшін Қытайға, Ауғанстан мен Түркияға өтіп кеткен.

Еске сала кетейік, Германия үкіметі өткен жылдың желтоқсанында "Голодоморды" қолдан жасалған геноцид деп мойындаған болатын. Ал Ресей билігі бұл ұстанымды "тарихқа қайшы әрі ақылға сыйымсыз" деп бағалаған еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар