Әлихан Смайылов премьер-министр қызметін сақтап қалды

/image/2023/03/30/crop-40_30_408x726_photo_111142.jpeg

2022 жылдың басынан бері Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келе жатқан Әлихан Смайылов өз қызметін жалғастыратын болды. Бұған дейін  "AMANAT" партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылған болатын. 

“Жаңа ғана фракция жетекшілерімен кездестім. Ортақ мәмілеге келдік. Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адам, еңбекқор адам. Үкімет алдындағы міндеттерді жақсы біледі. Жаңа үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын. Мәжілістің келісім беруін сұраймын”, – деді Тоқаев.

Дауыс беру кезінде Смайылов басым дауыспен премьер-министр қызметінде қалды.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар