Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің министрлері 2023–2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматы қаласын бекіту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлады Тengrinews.kz
Асхат Оралов Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кеңесіне қатысты. Онлайн кездесуге Үндістан, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Пәкістан өкілдері қатысқан.
Министрдің міндетін атқарушы Асхат Оралов Алматы қаласына ШЫҰ–ның 2023–2024 жылдарға мәдени және туристік астанасы мәртебесін беру туралы мәселені көтерді.
"Кейн мырза мен барлық қатысушыларға біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 14 іс–шара өткізу туралы жоспар әзірледік. Олардың қатарында туристік және мәдени фестивальдар мен марафондар бар. Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижесімен танысуға шақырамын", – деді Асхат Оралов.
Пікір қалдыру