Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша байқау жарияланды

/image/2023/04/04/crop-13_321_664x1180_whatsapp-image-2023-04-04-at-16.07.43.jpeg

2023 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласында Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «JASTAR» дамыту орталығы»  жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, әлеуметтік роликтер және т.б.) дайындау байқауы» бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Конференция барысында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының өкілі Бақдәулет Халилуллаұлы байқауды ұйымдастырудағы мақсат-міндеттері, байқау шарттары мен ережесін таныстырды.

Ережеге сәйкес байқау 4 номинация бойынша өткізіледі. Жалпы жүлде қоры – 1 350 000 теңге.

Байқауға 18 жастан жоғары Алматы қаласының барлық тұрғындары қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін қатысушылар өз жұмыстарын және өздері туралы ақпаратты almaty.baiqau.2023@gmail.com электронды мекенжайға осы жылдың 1 қазанына дейін жолдай алады. Байқау туралы толық ақпарат пен әр номинация бойынша талаптарды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ресми сайты мен din_almaty ресми аккаунтында жарияланған ережеден көре алады.

Аталған байқауға қатысты сұрақтар бойынша мына телефон номерлеріне хабарласуға болады: +7 (702) 313 1191, +7(775) 477 7616.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар