Оқу–ағарту министрлігі аттестациядан босатылатын мұғалімдерді атады

/image/2023/04/04/crop-8_30_432x767_191003193121687a3571883i.webp

Зейнетке шығуына бес жылдан аз уақыт қалған мұғалімдер аттестаттау рәсімінен босатылады, деп мәлімдеді оқу–ағарту министрі лауазымында қалған Ғани Бейсембаев.  

"Мұғалімдер тест тапсырмаларының сапасын арттырып, эссе жазуды алып тастау керегін жиі айтады. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасымен аттестаттау форматына өзгерту енгізу жоспарлануда. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін мұғалімдердің материалдарын қарау бірыңғай электронды платформада жүзеге асатын болады. Енді тексеру адамның қатысуынсыз автоматты түрде жасалады", – деді ол.

Сонымен қатар, Бейсенбаев аттестаттау кезінде мұғалімдердің құжаттарды электронды және қағаз нұсқада жинауы, комиссияның құжаттарды қарау мерзімінің ұзақтығы басты мәселе екенін атап өтті .

"Республикалық деңгейде сарапшылық топтарға белсенді қатысқан, 30 жылдан аса педагогикалық өтілі бар мұғалімдер мен "шебер-педагог" санаты бар педагогтар, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының тренерлері тестілеуден өтпейді", – деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент білім беру мәселесін көтеріп, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды тапсырған еді. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар