АҚШ Президенті Барак Обама американдық әуе шабуылы салдарынан қызметкерлері құрбан болған MSF халықаралық ұйымынан ресми түрде кешірім сұрады. Бұл туралы «Қамшы» порталы РИА «Новости» ақпараттық агенттігіне сілтеме бере отырып хабарлайды.
«Күні кеше американдық президент MSF ұйымының басшысы Джоанна Льюге қоңырау шалып, аурухана үшін орны толмас қазаға ортақтасты», - деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.
АҚШ Қорғаныс министрі әрі Ауғанстандағы қарулы күштер басшысы генерал Джон Кэмпбелл да американдық ұшқыштардың оңбай қателескені үшін бұрынырақ кешірім сұраған болатын.
Пікір қалдыру