"Путинге таяқ жегіземін"

/uploads/thumbnail/20170708200214825_small.png

Крис Кристи дәл осылай айтты. АҚШ президенттігіне үміткер, Нью-Джерси штатының губернаторы өзінің Fox News-ке берген сұхбатында, президент болатын болса Путинмен рингте кездесемін деп жар салды.

            Саясаткер өзінің әріптесі һәм қарсыласы Барак Обаманың ұстанған саясатын сынға алды. "Путин нокаутқа түсіре алатын жалғыз саясаткер бар болса, ол - Обама",- деді Кристи мырза.

            Сұхбат барысында ол Путинмен айқасып, оған таяқ жегізгісі келетінін анық айтты. Содан соң, АҚШ-та бәрі жақсы болады-мыс.

            Бірақ сөздің шындығы керек, оның бұл мәлімдемесін жергілікті халық әзіл деп қабылдап, саясаткерді сайқымазақ етіп тастады. Алайда, Кристи президент бола қалса, үлкен төбелестің болатыны сөзсіз сияқты.

 

"Қамшы" сілтейді 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар