Алматыда танымал актер Бауыржан Орданың "Қырық бестің қалжыңы" атты жеке концерті өтеді

/image/2023/04/19/crop-1_127_426x758_19bet_f17.jpg

24 сәуірде Республика сарайында танымал актер, сатирик Бауыржан Орданың 45 жылдық мерей тойына орай "Қырық бестің қалжыңы" атты жеке концерті өтеді. Концертке Асылбек Боранбай, Жанатбек Бәйтеков, Ерболат Төлеген, Саттар Ерубай қатысып, "Тамаша" ойын-сауық отауы, "Екі езу" сатира театры қонақ болады.

ва

Бұдан бөлек аталған кеште Жанар Айжанова, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Өмірқұл Айниязов, Асхат Тарғын және тағы басқа танымал өнер жұлдыздары ән айтады.

Актердің өзі бұған дейін "Побег из аула", "Бастық боламын", "Өмір" және "Откройте дверь, я счастье" атты фильмдерде басты рөлдерде ойнап, "Екі езу", "Тамаша" театрларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ "Qamshy like" жобасының басты кейіпкері болып, саяси астары бар сатиралық әзілдердің авторы атанған. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Baurzhan Orda (@baurzhanorda)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар