ҰҚК: Күдебаев тау арқылы қашып кеткен болуы мүмкін

/image/2023/04/20/crop-50_10_400x710_c990285a8f0d47bea7c32c71bb55c1fa.jpeg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың қашып кетуіне байланысты пікір білдірді.

"Күдебаевтің тау жақта шаруа қожалығы бар. Жол көрсететін адамдары да болған шығар. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деп күдіктеніп отырмыз", – деді Шекара қызметінің директоры.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда ҰҚК тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, Бас прокуратура қылмыстық іс қозғағанымен, оның жай-жапсары айтылмады.

Сонымен қатар, Ерлан Алдажұманов Қазақстанның Шекара қызметі Қырғызстандағы әріптестерінен ақпарат сұрағанын айтты. Қырғызстанда да бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетейік, Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде комендант ретінде полиция департаментінің ғимаратынан кетіп, тәртіпсіздікке қатысушылардың қару ұрлауына мүмкіндік берді деп айыпталуда.

Ол сот отырысына келмей қашып кеткен болатын. Кейін Күдебаевтің Қырғызстанмен шекараны кесіп өтіп, Бішкектен Ыстамбұлға ұшқаны белгілі болды. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар