БҰҰ Ливияда ұлттық бірлік үкіметін құруды ұсынды

/uploads/thumbnail/20170708200234450_small.jpg

БҰҰ-ның арнайы уәкілі Ливиядағы күресуші екі жақ ұлттық бірлік үкіметін құру жөнінде келіссөздер жүргізгені туралы мәлімдеді. Бұл жайында «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды. Бернардино Леон бұл келісімнің Схират қаласындағы баспасөз конференциясы барысында жасалғаны туралы айтты.

Бұл шешімге келмес бұрын дауласушы екі жақ бірнеше ай бойында келіссөздер жүргізген болатын. Бүгінде Ливиядағы билікке екі үкімет таласуда: бірі исламистердің қолдауымен жүргізіліп отырған Триполидағы үкімет, енді бірі халықаралық ұйымның қолдауымен жүргізіліп отырған Тобруктағы үкімет.

Мароккодағы баспасөз конференциясында Бернардино Леон премьер-министр орнына Файез Саррадждың кандидатурасы ұсынылғаны жөнінде айтқан болатын. Сонымен қатар, вице-премьерлердің орнына келетін азаматтардың аттары белгілі екені жария етілді.

«Мемлекеттің 150 өкілімен бір жыл бойы жалғасқан келіссөздерден кейін, ақыры ұлттық бірлік үкіметін құруды ұсына алатын сәт туды», - деп бөлісті Леон мырза.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар