Киев Донбаста сайлау жасауға рұқсат етуге дайын екенін мәлімдеп отыр. Бірақ бұл үшін қойылатын жалғыз талап бар. Донбасстың территориясынан шетелдік әскерилер түгелдей шығарылулары тиіс. Бұл туралы Украинаның президенті Петр Порошенко мәлімдеп отыр.
«Бізге керегі жалғыз-ақ талаптың орындалғаны. Ол әскерилердің Донбас маңайынан шығуы»,- дейді ол өзінің «BBC NEWSNIGHT»-ке берген арнайы сұхбатында.
«Бізде орыс агрессиясынан қашып келген 1,5 миллион халық бар. Біз Олардың әрқайсысына ерікті әрі тәуелсіз сайлау жасауына мүмкіндік беруіміз керек»,- деді сөзін жалғастыра келіп.
Айта кетуіміз керек ДХР мен ЛХР аймағындағы сайлаулар 2016 жылға шегертілген болатын. Порошенко мырза бұл ұсынысты қабылдады, әрі 2014 жылғы сайлауды жоққа шығару мәселесін көтерген болатын.
Пікір қалдыру