Нигерияда Эбола безгегін жұқтырды деген күдікпен 10 адам карантинге алынды

/uploads/thumbnail/20170708200236637_small.jpg

Биліктің мәлімдеуінше, Нигерияның оңтүстігінде орналасқан Калабар қаласында Эбола безгегінің белгілері байқалған емделушімен 10 адам қарым-қатынасқа түскен көрінеді. Аймақтық БАҚ-тың хабарлауынша, аты аталмаған емделуші өткен күндері көз жұмған екен. Бұл туралы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды.

Қазіргі уақытта эболаны жұқтырды деген күдікпен 10 адам дәрігерлердің қатал бақылауында жатыр.

Жақында ғана Денсаулық сақтау әлемдік ұйымы Батыс Африкада Эболаға қатысты жаңа жағдайлардың орын алмағандығы жөнінде хабарлаған болатын. Аймақтағы мұндай эпидемиологиялық жағдай 2014 жылдың наурызынан бастап алғаш рет байқалған.

Шілденің соңында ұйым Эболаға қарсы вакцинаның клиникалық сынақтардан өтіп, жоғары нәтижелілікті көрсеткенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Эбола безгегі Батыс Африкада 2014 жылдың ақпан айынан бастап етек жайды. Аталмыш аурудан қатты зардап шеккен мемлекеттер қатарына Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонды жатқызуға болады.

«Қамшы» порталы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар