Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

/uploads/thumbnail/20170708200237262_small.jpg

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойы­латын жалпы біліктілік талаптары:
А-1 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда не олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында немесе А-3 және В-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда (бұдан әрі — мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда) бір жылдан кем емес немесе жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадр­лар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежелер (бұдан әрі – ғылыми дәреже) болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауа­зым­дарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекіт­ілген (Қазақстан Республикасы Әділет минис­трлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тір­келген).

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санат    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min    max
А-1    242158,67    326722,01

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім­шілігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, «Ақорда» резиденциясы, анықтама телефоны: 8(7172)74-41-26, факс: 8 (7172)74-42-72, электронды мекенжайы: AManimkhanova@akorda.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды, «Б» корпусы:
1. Жалпы бөлімнің инспекторы, А-1 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Президентке, Мемлекеттік хатшыға, Әкімшілік Басшысына қол қоюға енгізілетін құжаттар мен нормативтік-құқық­тық актілерді дайындау және олардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалы болуы үшін редакциялық сараптама жасау.
Мұрағаттық құжаттарды, азаматтардың өтініш­терін, анықтамалық ақпаратты талдау нәтижелері жөніндегі мәліметтерді дайындау және БАҚ-та орналастыру.
Басшылықтың тапсырмасы бойынша ақпарат­тық-талдамалық және сараптамалық мәліметтерді дайындау.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу және ілеспе аударманы ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар үшін әдістемелік құралдар мен терминологиялық сөздіктерді дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (философия), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (редактор).
Қазақстан Республикасының заңнамасын тестілеу бағдарламасына сәйкес білуі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы Ережені, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдардың мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және Мемлекет басшысының актілерін білуі.
Міндетті түрде мемлекеттік, ресми тілдерді және шет ел тілін білуі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымын білуі.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазым­дарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтілі. Журналистика саласындағы, газеттер мен телевизиядағы, соның ішінде басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.
Мүмкіндігінше талдамалық жұмысқа қабілеті және нормативтік-құқықтық актілерді дайындау бойынша тәжірибесінің болуы, іс қағаздары мен құжат айналымы машығын меңгеруі.
Қазіргі компьютерлік бағдарламаларды, интер­нетті, электрондық поштаны, ұйымдастыру техникасы мен байланыс құралдарын еркін пайдалануы.
Қосымша мәлімет: мүмкіндігінше 1-қосымшаға сәйкес персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) растаған қызметтік тізімді ұсыну сұралады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі сурет­пен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәлан­дырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Респуб­ликасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалды көшiрмесi).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшада көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электронды почта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электронды пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қос­танай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына бай­қаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заң­намасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мем­лекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Мемлекеттiк органның басшысының (жауап­ты хатшысының) келісімі бойынша конкурс ко­миссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ре­тін­де конкурс жариялаған мемлекеттік орган­ның қызметкері болып табылмайтын, бос лауа­зымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік орган­дар­дың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Респуб­ликасының Пар­ламент және мәслихат де­путаттары қатыса алады.
«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:
А-1 cанаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тап­сыр­ма); Қазақстан Республикасының заң­на­ма­сын білуге арналған тестке Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қа­зақ­стан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі ту­ралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет тура­лы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» 15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.anticorruption.gov.kz

Дереккөз: "Егемен Қазақстан"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар