Тараз қаласында өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының ең бір есте қалары - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыныың қойлымы болды. 8- қазан сағат 19:00 де Тараз қаласының Орталық стадионында Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» тарихи драмасы қойылды. Қазақ хандығының құрылу барсын бейнелеген көрініске Әуезов театры мен Тараз қаласының 500-ден астам әртісі қатысты. 200 актер жауынгердің рөлінде ойнап, сахналық шайқастарға жауапты болса, 150-ден астам адам би көріністерін жасады.
Өте әсерлі де тартымды спектакльде Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр ханнан бөлініп, азаттық пен бостандықты арман еткен қалың қазақты арытнан ертіп Моғолстан жеріне келуі мен Есенбұғаның берген жеріне Керейді хан көтеріп қазақ хандығының құрылу барыс көркем бейнеленген. Ел көңілінен шыққан бұл Жобаның жетекшілері: КСРО халық әртісі, театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры Ерлан Біләлов. Режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов екен.
Бұл спектакль барша көрерменнің көз айымына айналып, ықыласына бөленгені анық. Бәрімізге ұлттық рух пен жігер бере алатындай оқиға желісі артық – кемсіз жасалған. Ашық аспан астында ел мерейін асқақтатқан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыныың ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Осы орайда жыл бойы басынан дау арылмаған «Қазақ елі» фильмі еске түседі екен. Бұл көріністі Рустем Әбдірешовтың көрген көрмегенін білмеймін. Көрсе өзінің не істеп жүргеніне ұялған болар, көрмесе Ерлан Біләлдан киносын қалай түсіруі туралы ақыл сұрайтын шығар.
Тұрдыбек Құрметхан
Пікір қалдыру