Еуропарламентте Украина саясаткері Қазақстан туралы айтты.
Алексей Гончаренко өз сөзінде Украина сияқты тағы бір елдің Ресей басқыншылығынан зардап шеккенін қаламайтынын жеткізді.
"Қазір Ресей Қазақстанға ақпараттық шабуыл жасап жатыр. Болашақта Украинада болған жағдай қайталанбауы үшін бұл жайлы бүгін айтуымыз керек, қазақ халқына бүгін көмектесуіміз керек. Күн сайын Ресей "солтүстік Қазақстан Ресейдің бір бөлігі, сол жақтағы орыстілді азаматтарды қорғау керек" деп пропоганда жүргізіп жатыр. Кезінде Гитлер де "немістілді азаматтарды қорғау керек" деген желеумен соғыс бастаған" – деді Украина саясаткері.
Сонымен қатар, ол Путиннің әрекетін сынға алды.
"Путин орыстілді азаматтарды қорғамақшы екен. Шындығында орыстілді азаматтарды көп бөлігі Ресейде өмір сүреді. Сол орыстілді азаматтарды қырып жатқан – Путиннің өзі. Қазір ол Қазақстанға көз алартып отыр. Біз Қазақстанның тәуелсіздігі мен еркіндігін сақтауға көмектесуміз керек. Әйтпесе Украинадағы жағдай тағы да қайталанады" – деп мәлімеді Алексей Гончаренко.
Пікір қалдыру