Банкроттыққа құжат тапсырғандардың 65 пайызының өтініші кері қайтарылған

/image/2023/05/04/crop-62_13_888x1579_1673028359_sei1ug-nesie.jpg

Қазақстанда "жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң күшіне енгелі бері 49 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Алайда түскен өтініштердің  6 мыңы ғана қарастырыла бастаған. Ал 65 пайыздан астамы кері қайтарылған. 

"Екі ай аралығында 50 мыңға жуық өтініш түсуі – жақсы көрсеткіш және қаржылай ахуалды жақсартудың жаңа мүмкіндігі... 6 мың өтінішті қарастырып жатырмыз және жарты жыл ішінде олар банкрот болып танылады" – деді Ержан Біржанов сенат ғимаратында.

32 мың өтініш кері қайтарылған. Оған қарыз көлемі мен өтініш берушінің бірнеше несиесінің болуы себеп болған. Заң бойынша банкроттыққа өтініш берушінің қарызы 5,5 млн теңгеден аспауы керек. Азаттық радиосының хабарлауынша, Біртанов банкроттыққа өтініш бергендердің кейбірі ипотекалық несиесін жабуды тоқтатпағанын да айтқан. Заңға сәйкес өтініші кері қайтарылғандар үш айдан кейін қайта өтініш түсіре алады. 

"Көп өтініш берушінің мүліктері, жер телімдері, көліктері бар, бұл соттан тыс қаралатын банкроттыққа қатысты. Өтініштердің 70 пайызы кері қайтарылды, бірақ бұл қалыпты практика, себебі біз өзге елдердің тәжірибесін қарадық" деді Біржанов. 

Еске сала кетейік, 3 наурыздан бастап Қазақстанда "жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң күшіне енген болатын. Бірінші несие бюросының мәліметінше, 2023 жылы 1 қаңтарда кепілдіксіз тұтыну несие портелі 7,4 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 28,3 процентке ұлғайған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар